русский язык
Футбол

Вардан Минасян жазаланды

Вардан Минасян жазаланды

«Тобылдың» бас бапкері  Вардан Минасян «Ертіспен» болған кездесуде техникалық аймақтан шығып кеткені үшін тәртіптік-бақылау комитеті 150 000 теңге айыппұл салды.

Бұл туралы 4-ші мамыр күні ТБК-ның кезекті отырысында белгілі болды, деп хабарлайды pfl.kz сайты.

Андрей Карпович пен Корнелис Уббинкты жазалау мерзімі 3 ойыннан 2 ойынға дейін қысқартылып, алты ай қадағалау мерзіміне ауыстырылды.

ТБК-ның басқа да шешімдері:

«Жетісу» футбол клубы ойыншыларының тәртіпсіздігі үшін (алты сары қағаз) 175 000 теңге айып ақы төлейді. Талдықорғандық клубқа тағы да алаңнан екі ойыншысы қуылғаны үшін 200 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. «Жетісу» командасы матчтың басталу уақытын кешіктіргені үшін ескерту алды.

Көрермендер алаңға зат лақтырып, тәртіпсіздік істегені үшін «Ертіс» футбол клубы ескерту алды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;