русский язык

Витсель: «Менің де, басқа да жігіттердің әлем біріншілігінде тәжірибесі жоқ»

Витсель: «Менің де, басқа да жігіттердің әлем біріншілігінде тәжірибесі жоқ»

Бельгия құрамасының жартылай қорғаушысы Аксель Витсель өз сұхбаттарының бірінде «Зенит» ойыншыларының әлем біріншілігі аясындағы топтық кезеңнің жеребесін қалай қабылдағанын, сонымен қатар, Бельгия командасының әлем біріншілігінде тәжірибесіз екендігіне қапы болатынын айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Ресей құрамасы мен Бельгия екінші турда кездеседі.

«Біз бір-бірімізге қарсы ойнайтынымызды білгенде көп қалжыңдағанбыз. Бұл, шынымен де, көңілді болды. Бірақ қазір Бразилия жайлы сөйлеспейміз, себебі ішкі біріншілікке ден қойып жүрміз. Менің пікірімше, қазіргі Бельгия құрамасы команданың тарихында бұрын соңды болмаған талантты ойыншылардан жиналған. Біз сол бұрынғы атақты құрамадан кем түспейміз деп ойлаймын. Өкінішке қарай, менің де, басқа да жігіттердің әлем біріншілігінде тәжірибесі жоқ», — дейді Витсель.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;