Нибали «Романдия турының» соңғы кезеңі қарсаңында 4-орынға жайғасты
![Нибали «Романдия турының» соңғы кезеңі қарсаңында 4-орынға жайғасты](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1399139196_412156647.jpg?v=28695927)
3 мамырда «Романдия турының» төртінші кезеңі аяқталды. Бұл күнде велошабандоздар Фрибург аймағындағы 174 шақырымды артта қалдырды.
Үздік үштікке тиісінше, мына спортшылар кірді – Михаэль Альбазини (Orica GreenEDGE), Europcar-дағы француз Том Веклер және Omega Pharma – Quickstep командасындағы бельгиялық Ян Бакелантс.
Жалпы есепте ешқандай өзгеріс болған жоқ. Әлі де «Катюшадағы» Симон Шпилак топ басында. «Астананың» өкілі Винченцо Нибали мен Якоб Фульсанг, 4-ші және 7-ші орындарды мәсе тұтып тұр.
Ал командалық есепте «Астана» әлі де үшінші орында келе жатыр.
«Романдия туры». Төртінші кезеңнен кейінгі жалпы есеп
1. Симон Шпилак (Словения, Team Katusha) – 15:53:55
2. Кристофер Фрум (Великобритания, Sky) – 15:53:56
3. Руй Алберту Кошта (Португалия, Lampre-Merida) – 15:54:57
4. Винченцо Нибали (Италия, Astana Pro Team) – 15:55:01
7. Якоб Фульсанг (Дания, Astana Pro Team) – 15:55:09
34. Танел Кангерт (Эстония, Astana Pro Team) – 16:06:34
52. Андрей Гривко (Украина, Astana Pro Team) – 16:17:12
67. Максим Иглинский (Қазақстан, Astana Pro Team) – 16:24:58
101. Фредрик Кессьякофф (Швеция, Astana Pro Team) – 16:45:32