русский язык
Футбол

«Қайрат» қорғаушысы Жарко Маркович әлемдегі бойы ұзын футболшылардың қатарында

«Қайрат» қорғаушысы Жарко Маркович әлемдегі бойы ұзын футболшылардың қатарында

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында өнер көрсететін, алматылық «Қайрат» клубының қорғаушысы Жарко Маркович әлемдегі бойы ұзын футболшылардың «үздік бестігіне» кіреді.

Сербиялық легионеріміздің бойы 204 сантиметр. Әлемде Жаркодан ұзын тек үш қана футболшы бар. Олар: «Генк» клубының қақпашысы бельгиялық Кристоф ван Хаут (208 см), «Мейчжу Кей» клубының шабуылшысы қытайлық Янг Чангпенг (206 см) және «Элякзиспор» клубының қақпашысы хорватиялық Ваня Ивеша (205 см). 

Айта кетерлігі, Жарко Қазақстан біріншілігіндегі ең ұзын ойыншы.

Рейтингтің «үздік ондығына» тағы да 203 сантиметр бойымен 27 жастағы «Астана» клубының қақпашысы Денис Төлебаев кіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;