русский язык
Футбол

«Ливерпуль» Джеррардпен келісімшартты ұзартпақ

«Ливерпуль»  Джеррардпен келісімшартты ұзартпақ

«Ливерпуль» футбол клубы команда капитаны Стивен Джеррардқа жаңа келісімшарт ұсынбақ, деп хабарлайды Liverpool Echo.

33-жастағы Джеррардтың қазіргі келісімшарты келесі маусымның соңында аяқталады. 
 
«Меніңше, Стивен 2015 жылдан кейін де «Ливерпульде» ойнайды. Биылғы маусымда өзін жақсы қырынан көрсетті. Болашақта да өз пайдасын әкелетініне күмәнім жоқ», — деді «Ливерпульдің» бас бапкері Брендан Роджерс.
 
Джеррард «Ливерпуль» сапында 1998 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;