русский язык
Велоспорт

«Романдия турының» үшінші кезеңінде екі астаналық алғашқы ондықта келді

«Романдия турының» үшінші кезеңінде екі астаналық алғашқы ондықта келді

2 мамырда «Романдия туры» велододасының Ле Бувер мен Эглем арасындағы 180,2 шақырымды құрайтын үшінші кезеңі аяқталды. 

Бүгін «Катюшадағы» Симон Шпилактың бағы жанып, бірінші келді. Бұл жеңістен кейін ол жалпы есепте топ бастады. Sky командасының өкілі британиялық Кристофер Фрум Шпилакпен бір уақытта келді. Бұл жұптан бес шабандоз 57 секундқа қалып қойды. Бұлардың ішінде «Астананың» екі өкілі болды  – даниялық Якоб Фульсанг пен италиялық Винченцо Нибали. Нибали бүгінгі сәтті көрсеткішінен кейін 4-орынға көтерілді,  ал Фульсанг 7-сатыдан орын тапты.

«Астана» командалық есепте үздік үштікті түйіндеп тұр.

«Романдия туры» велододасы. Жалпы есеп. Үшінші кезеңнен кейінгі көрсеткіш

1. Симон Шпилак (Словения, Team Katusha) – 11:39:25

2. Кристофер Фрум (Великобритания, Sky) – 11:39:26

3. Руй Алберту Кошта (Португалия, Lampre-Merida) – 11:40:27

4. Винченцо Нибали (Италия, Astana Pro Team) – 11:40:31

7. Якоб Фульсанг (Дания, Astana Pro Team) – 11:40:39

27. Танел Кангерт (Эстония, Astana Pro Team) – 11:48:23

53. Максим Иглинский (Қазақстан, Astana Pro Team) – 12:02:33

55. Андрей Гривко (Украина, Astana Pro Team) – 12:02:42

102. Фредрик Кессьякофф (Швеция, Astana Pro Team) – 12:23:07

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;