русский язык
Футбол

«Норвич» жанкүйерлері үшінші қақпашысын маусымның үздік ойыншысы деп таныды

«Норвич» жанкүйерлері үшінші қақпашысын маусымның үздік ойыншысы деп таныды
Биылғы маусымда алаңға бір де бір рет шықпаған қақпашы Карло Нэшті «Норвичтің» жанкүйерлері осы маусымдағы команданың үздік ойыншысы деп таныды, деп хабарлайды Eurosport.ru
Осылайша фанаттар команданың нәтижесіз ойынына қарсылығын білдірді. Қазір «Норвич» турнир кестесінің 18-сатысында келе жатыр. Бұл орын клубты төменгі дивизионға, Чемпионшипке, ауыстырады.
«Норвич» жанкүйерлерінің 2000-ға жуығы Карло Нэшке дауыс беріпті. Ал 40 жастағы қақпашы фейсбукте өзінің кандидаттығын алып тастауды сұрады. «Мен мұндай марапаттан бас тартамын және оны лайықты ойыншыға бергенін қалаймын», – деді Нэш.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;