русский язык
Велоспорт

«Нормандия турының» 2-кезеңінде Иглинский алтыншы келді

«Нормандия турының» 2-кезеңінде Иглинский алтыншы келді

1 мамырда «Нормандия турының» екінші кезеңі аяқталды. Шабандоздар Сьон мен Монтре арасындағы 166,5 шақырымды басып өтті.

Бүгінгі кезеңді Orica GreenEDGE командасындағы Михаэль Альбизини жеңіп алды. Бұл жеңісінің арқасында швейцариялық велошабандоз жалпы есепте алға шықты. Одан Omega Pharma – Quickstep-тегі польшалық Михал Квятковски бес секундқа қалып қойды. Үшінші келген Garmin Sharp клубының өкілі литвалық Рамунас Навардаускас кқшбасшыдан он секундқа артта.

Ал «Астананың» велошабандоздарына келетін болсақ, екінші кезеңде жақсы нәтиже көрсеткен - Максим Иглинский. Жалпы есепте «Астананың» капитаны Винченцо Нибали он төртінші орында. Ол Альбазиниден 21 секундқа қалып келеді.

«Нормандия туры» велододасы. Жалпы есеп. Бірінші кезеңнен кейінгі нәтиже

1. Михаэль Альбазини (Швейцария, Orica GreenEDGE) – 06:29:50

2. Михал Квятковски (Польша, Omega Pharma – Quickstep) – 06:29:55

3. Рамунас Навардаускас (Литва, Garmin Sharp) – 06:30:00

14. Винченцо Нибали (Италия, Astana Pro Team) – 06:30:11

24. Максим Иглинский (Қазақстан, Astana Pro Team) – 06:30:18

29. Якоб Фульсанг (Дания, Astana Pro Team) – 06:30:19

35. Танел Кангерт (Эстония, Astana Pro Team) – 06:30:25

39. Андрей Гривко (Украина, Astana Pro Team) – 06:30:27

75. Фредрик Кессьякофф (Швеция, Astana Pro Team) – 06:31:28

111. Лиуве Вестра (Нидерланды, Astana Pro Team) – 06:39:43

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;