русский язык
Хоккей

Финляндия құрамасы Еуротурдың соңғы кезеңін жеңіспен бастады

Финляндия құрамасы Еуротурдың соңғы кезеңін жеңіспен бастады

Хельсинкиде хоккейден Еуротур ойындарының соңғы кезеңі басталды. Мұнда Финляндия құрамасы ресейлік қарсыластарын тізе бүктірді.

Финдер 7-ші минутта Леонид Комаровтың көмегімен есеп ашты. Үзілістен кейін финляндиялықтар екінші шайбасын салды – көзге түскен Петри Контиола.

Ресейліктер ойын бітер тұста есеп айырмасын қысқартты, Николай Кулемин айдындағы көптігін пайдаланып, өз құрамасына үміт сыйлаған-ды. Алайда көршілеріміздің бұдан арыға шамасы жетпеді.

 

Финляндия – Ресей 2:1 (1:0, 1:0, 0:1)

1:0 – Комаров (Хиетанен, Мянтюля) – 06:46,
2:0 – Контиола (Хиетанен, Лехтеря) – 36:02,
2:1 – Кулемин (Овечкин) – 58:43,

Қақпашылар: Коскинен – Худобин

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;