русский язык
Велоспорт

Дьяченко «Түркия турында» әлі де 10-шы

Дьяченко «Түркия турында» әлі де 10-шы

1 мамырда «Түркия туры» велододасының бесінші кезеңі өз аяғына жетті. Бұл күнде шабандоздар Мармарис – Бодрум арасындағы 177,3 шақырымды артта қалдырды.

Мәреге велошабандоздар топпен бірге келді. Яғни, көбінің келген уақыттары бірдей. Бүгін Cannondale командасындағы италиялық Элиа Вивиани жеңімпаз атанды.

Жалпы есепте әлі де Cofidis-тегі эстон Рейн Таарамяэ көш бастап келеді, оның ізін басып Orica GreenEDGE командасындағы британиялық Адам Йейтс тұр. Ал үздік үштікті Cofidis ұжымының тағы бір өкілі француз Ромен Арди түйіндеді. Астаналық Александр Дьяченко оныншы сатыда келе жатыр.

«Түркия туры» велододасы. Жалпы есеп. Төртінші кезеңнен кейінгі кесте

1. Рейн Таарамяэ (Эстония, Cofidis) – 20:35:05

2. Адам Йейтс (Великобритания, Orica GreenEDGE) – + 00:06

3. Ромен Арди (Франция, Cofidis) – + 00:38

10. Александр Дьяченко (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 00:44

27. Валентин Иглинский (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 05:37

37. Даниил Фоминых (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 07:53

76. Руслан Тілеубаев (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 24:11

95. Дмитрий Груздев (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 27:36

104. Арман Камышев (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 29:42

127. Андреа Гуардини (Италия, Astana Pro Team) – + 35:36

133. Дмитрий Муравьев (Қазақстан, Astana Pro Team) – + 36:52

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;