русский язык
Футбол

Генрих Шмидтгаль: «Мені «әнұран жатта» деп ешкім қинаған жоқ, өзім үйрендім»

Генрих Шмидтгаль: «Мені «әнұран жатта» деп ешкім қинаған жоқ, өзім үйрендім»

Қазақстан құрамасының ойншысы Генрих Шмидтгаль осы маусымда бірнеше жарақат алды, соған қарамастан жақсы ойын көрсетуде. «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне берген сұхбатында Генрих ұлттық құраманы жаттықтырған бапкерлер жайында, жаңа командасы мен жан жолдасы Гюндоған туралы сұхбат берді.

- Генрих, денсаулығыңыз қалай? Соңғы кездері көп жарақат алдыңыз...

- Иә, өкінішке қарай, жақында ғана тағы бір жарақат алдым, бірақ ол ойыныма әсерін тигізген жоқ.

- Сіздің қазіргі клубыңыз «Фортуна» Бундеслигаға өту мүмкіндігінен айырылды, ал бұрынғы клубыңыз «Гройтер Фюрт» болса 3-ші орында келеді.  Дюссельдорфқа ауысқаныңыз үшін өкінбейсіз бе?

- Шынымды айтсам Дюссельдорфта маған барі ұнайды, бірақ біз осы маусымда өзіміздің мүмкіндігімізді толық пайдалана алмадық. Соңғы үш ойында біз жеңіске жеттік, сонымен қатар біз Бундеслигада ойнауға лайық команда екенімізді дәлелдедік. Келер жылы нәтижелеріміз жақсарады деп сенемін.

- Сіз «Фортунаға» көшіп келген жылы команда бірінші Бундеслигада ойнаған еді, бірақ жылдың соңында клубтың ойыны қатты құлдырауға ұшырап, төмен түсіп кеткен болатын. Оған қалай қарадыңыз? Жаңа клубқа, екінші Бундеслигага түсу үшін келмеген шығарсыз?

- Иә, мен келісімшартқа қол қойған кезде, мұндай жағдай болады деп ойламап едім.

- Сізге «Фортуна» мен қатар «Герта»  клубы да қызығушылық танытқаны мәлім, неге таңдау «Фортунанға» түсті?

- «Герта» расында  да маған қызығушылық танытты. Бірақ жарақатымнан айыққаннан кейін ғана ұсыныс жасайтынын білдірді. Ал «Фортуна» маусым бойы менімен байланысын үзген жоқ. Маған келісімшарт ұсынды. Ойланатын уақыт аз болғандықтан келісім бердім.

 

«Меніңше, Миросла́в Бе́ранектің қол астында, біздің құраманың ойыны біршама жақсарды»

- Құрама командамыздың жаңа дәуірі келді. Бірақ Миросла́в Бе́ранек әлі ұмытылған жоқ. Бе́ранектің жұмысын өзіңіз қалай бағалайсыз?

- Меніңше, ол  жақсы жұмыс атқарып кетті. Қол астында біздің құраманың ойыны біршама жақсарды. Қарсыласымыздың көбі бізден бір саты жоғары ойын көрсететін, сондықтан да Беранек бұдан артық ештеңе бере алмаушы еді деп ойлаймын.

- Мирослав Беранекпен соңғы рет қашан сөйлестіңіз?

- Есімде қалғаны ол маған жарты жыл бұрын, қоңырау шалған, сонда екеуміз оның болашағы жайында сөйлескенбіз. Ол  м Қазақстан құрамасында қалмайтыны жөнінде айтып өткен.

- Красножанның бірінші оқу-жаттығу жиынынан кандай әсер алдыңыз?

- Әр түрлі командалармен жұмыс істегені бірден байқалды. Білімді де білікті маман екені алғашқы жаттығудан ақ белгілі болды. Ол шабуылшыларға, жартылай қорғаушыларға және қорғаушыларға мүлдем басқа талап қояды.

- Сіз үшін қай позиция ыңғайлы?

- Құрамада ойнағанда әдеттегідей жартылайқорғаушың орнын басам, бірақ қорғаушының да жұмысын атқара аламын.

- Соңғы рет сіз құрамада Шомкомен бірге ойнадыңыз. Екеуіңіздің  ойындарыңыз ұқсас. Өзара қарым-қатынастарыңыз қалай?

- Шынымен оның ойын стилі менікіне ұқсас. Екеуміз де шабуылға қосылуды ұнатамыз. Алаңда бір бірімізді жақсы түсінеміз.

- Ойын соңында неміс тілшілері сізден сұхбат алды. Қандай сұрақтар қойылды сол кезде, есіңізде ме?

- Ойын туралы қарапайым сұрақтар қойылды. Журналист кездесудің екінші кезеңінде жақсы ойынағанымызды тілге тиек етті.

 

«Кейбір немістер Астананы Дубай сияқты елестетеді»

- Нюрнбергте ойнаған жейдіңізді естелік ретінде сақтадыңыз ба әлде біреумен ауыстыңыз ба?

- Гол соққандағы жейдемді өзімде қалдырдым, ал Астанадағы ойыннан кейін Швайнштайгермен ауыстырдым.

- Ойын соңынан неміс футболшыларымен әңгімелесуге мүмкіндік болды ма?

-Иә, мен Илкай Гюндоғанмен сөйлестім. Мен оны «Бохумда» бірге ойнағаннан бері танимын.

- Астанада немістерге қарсы ойында сіз ең алғаш рет Қазақстан әнұранын орындадыңыз. Гимннің сөзін жаттау қаншалықты қиын болды?

- Сөзін жаттау оңай болған жоқ, айта кетер жайт, мені «әнұран жатта» деп ешкім қинаған жоқ, өз қалауым болды. Өйткені мен елімнің намысын қорғаймын. Сөзін үйренуге бір апта уақыт кетті.

- Қазір айтып бере аласыз ба?

- Қазір? Алаңға шыққанда айтайын. (күлкі)

- Германияда Қазақтан туралы қандай сұрақтар қояды?

- Немістердің көбісі Астананы біледі, олар оны Дубаға теңейді.

 

«Болашақта тек Бундеслигада ойнағым келеді »

- Германияда орысша сөйлесесіз бе?

- Кейде отбасы ішінде сөйлесемін,  бірақ олар қазір немісше жақсырақ сөйлейтін сияқты, сол үшін орысшаны аз қолданамын.

- Константин Энгельмен кездескенде кай тілде әңгімелесесіз?

- Шынымды айтсам, ол да орысшаны ұмытып немісшеге көшкен.

- Сочи қаласында өткен қысқы ақ Олимпиаданы көрдіңіз бе?

- Иа, біз тек бір ғана медальға қанжағаладық емес пе?

- Дәл солай...

- Олимпиадада қазақстандықтарға жанкүйер болдым, өкінішке орай бір-ақ медаль еншіледік.

- 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі  қарсыластарыңызды қалай бағалайсыз?

- Алдағы ойындар біз үшін оңайға түспейді. Түріктермен кезіккенбіз, голандиялықтар туралы ештеңе айта алмаймын,  Чехия құрамасы да жақсы ойын көрсетуде. Ең алғашқы ойнымыз Латвияда өтеді, жақсы жетістікке жеткіміз келсе бірінші ойыннан  бастап намысқа тырысуымыз керек. 

- Латвиядан басқа қандай құрамалармен ойнап  ұпай жинай аламыз?

- Голландиялықтардан басқа, бәрімен жақсы ойын көресте аламыз.

- Бізге соңғы рет берген сұхбатыңызда, сіз қазақстандық клубқа көшу мүмкіндігі жайында айтып өткен балатынсыз. Менің ойымша, Қазақстан Премьер–лигасымен, екінші Бундеслиганы, салыстыру қиын секілді.

- Ондай жауап қайтарғаным есімде жоқ(күлімсіреді). Бундеслигадан ешқайда кеткім келмейді. Мүмкін қазақстандық клубта да ойнайтын күн туар, бірақ ол жағын әлі ойламаппын.

- Сергей Хижниченко мен Абзал Бейсебеков Польшада бақ сынап жүр, олар жақсы жетістікке жетеді деп ойлайсызба?

- Мен Хижниченко жайында айтып өтейін, өйткені оны жақсы танимын. Польша чемпионаты жайында ештеңе айта алмаймын, бірақ Сергейдің Еуроғы бет алғаны оның жақсы ойыншы екенін дәлелдейді.  Ол әлі де жас ойыншы. Сондықтан болашағы алда.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;