«Жетісу» сырт алаңда «Тараздан» ұтылды
![«Жетісу» сырт алаңда «Тараздан» ұтылды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1398942995_813332383.jpg?v=28686758)
Футболдан ел біріншілігінің тоғызыншы турында «Тараз» өз алаңында «Жетісуді» қабылдады.
Тартысты өрбіген кездесу алаң иелерінің жеңісімен аяқталды - 1:0. Айта кетер жайт, ойын барысында талдықорғандық клубтың екі ойыншысына қызыл қағаз көрсетілді. Ал, жеңісті голды матчтың аяқталуына бір минут қалғанда Алексей Щеткин соқты.
Футболдан ел чемпионаты. 9-шы тур.
«Тараз» - «Жетісу» - 1:0 (0:0)
Гол: Щеткин, 89