русский язык
Футбол

Моуриньо: «Пенальти ойынның бар қызығын алып тастады»

Моуриньо: «Пенальти ойынның бар қызығын алып тастады»

«Челсидің» бас бапкері Жозе Моуриньо «Атлетикоға» қарсы кездесуден кейін өз пікірін айтты:

 - Ойында маңызды минуттар болды. Алдымен олардың қақпашысы керемет сейвпен жойқын соққыны алып шықты, ал кейін пенальти белгіленді. Бұл он бір метрлік айып добы кездесудің бар қызығын алып тастады. Жартылай финалдар бірнеше бөліктен тұрады, ал осы сәт ойынның нәтижесіне септігін тигізді. «Атлетиконы» құттықтаймын. Олар - Испания біріншілігінде ғажап өнер көрсетіп жатқан мықты команда. Ал бүгін Чемпиондар лигасының финалына шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;