русский язык
Футзал

Құрлықаралық Кубок Астанада емес, Алматыда өтеді

Құрлықаралық Кубок Астанада емес, Алматыда өтеді

24-29 сәуір арасында болатын футзалдан Құрлықаралық Кубогы Алматыда, Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өтеді. 

Бұл туралы ертерек белгілі болды. Алайда ФИФА аясында өтетін турнир Астанада болуы мүмкін еді. Бірақ дереккөздің хабарлауынша, елордалық алаңдар бұл доданы ұйымдастыруға дайын емес екен.

Естеріңізге сала кетсек, бұл турнирге «Қайрат», «Динамо» - аталмыш сайыстың қазіргі жеңімпазы, «Интер Мовистар», бір бразилиялық және американдық командалар қатысады. Сонымен қатар, Жапония мен Колумбиядан да бір клубтан келеді. Ал Кубоктың нақты құрамы кейінірек белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;