русский язык
Бокс

Чавес-кіші: «Мен өзіме қатысты әділетті шешім қабылдағанын қалаймын»

Чавес-кіші: «Мен өзіме қатысты әділетті шешім қабылдағанын қалаймын»

28 жастағы бұрынғы әлем чемпионы мексикалық Хулио Сезар Чавес-кіші Геннадий Головкинге қарсы өтетін жекпе-жекке қатысты Top Rank компаниясымен неге келісімге келе алмағандығын түсіндірді.

«Top Rank келісімшарт уақытын ұзартқысы келеді, ал мен бас тарттым. Жекпе-жекке қатысуға дайынмын, бірақ келісімшартты ұзартпаймын. Мен өзіме қатысты әділетті шешім қабылдағанын қалаймын. Мені таңғалдырғаны,  Top Rank басшысы Боб Арум әкеме мені көндірсін деп Мексикаға адам жібергені. Бұл әділтсіздік. Енді маған өз агенттерін жіберіп, мені көндірудің қажеті жоқ. 

Top Rank  менімен салыстырғанда басқа боксшыларға көбірек қаражат төлейді. Тағы қайталап айтамын: «Мен өзіме қатысты әділетті шешім қабылдағанын қалаймын». Майки Гарсия сияқты бет жұлыспаймын. Тек компания мен өзім үшін  дұрыс қадам жасаймын», - дейді Чавес Головкиннің «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;