русский язык
Хоккей

Малкиннің хет-тригі «Питтсбург Пингвинзді» келесі раундқа шығарды (+Видео)

Малкиннің хет-тригі «Питтсбург Пингвинзді» келесі раундқа шығарды (+Видео)

Ұлттық хоккей лигасы плей-офф раундының «Питтсбург Пингвинз» пен «Коламбус Блю Джекетс» арасындағы алтыншы кездесуінде Евгений Малкин үш шайба салып, «пингвиндердің» Шығыс конференциясының жартылай финалына шығуына көмектесті.

Бірінші периодта Малкин есеп ашты, кейін екінші шайбаны дәл көздеді. Үзілістен кейін ресейлік хоккейші Сергей Бобровскийдің қақпасына үшінші рет шайбаны дәл лақтырды. Бұған дейін «Коламбус» ойыншылары тағы бір шайбаны жіберіп алған болатын. Жанкүйерлерінің көзайымына айналған – Брендон Саттер.

Үшінші жиырма минуттықта «Коламбустың» хоккейшілері Марк-Андре Флери қақпасына үш шайба сала алды, алайда ойынды құтқаруға шамасы жетпей, осы кездесуде де, жалпы серия бойынша да жеңілді. 

Малкин өзінің сұрмергендігінің арқасында ҰХЛ-ның басты жұлдызына айналды.

 

«Коламбус Блю Джекетс» – «Питтсбург Пингвинз» 3:4 (0:2, 0:2, 3:0)

0:1 – Малкин (Куниц) – 09:11
0:2 – Малкин (Кросби, Нисканен) – 13:13,
0:3 – Саттер – 20:34
0:4 – Малкин (Йокинен, Нисканен) – 35:22.
1:4 – Тютин (Калверт, Джонсон) – 50:21, 
2:4 – Анисимов (Джонсон, Аткинсон) – 53:54, 
3:4 – Фолиньо (Тютин) – 55:13

Қақпашылар: Бобровский – Флери

Серия есебі: 2:4

 

 

 

Видео YouTube-тағы SomeHockeyVideos арнасынан алдынды 

 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;