русский язык
Футбол

«Милан» басшылығы Зеедорфты өтемақысыз орнынан кетірмек

«Милан» басшылығы Зеедорфты өтемақысыз орнынан кетірмек

«Миланның» басшылығы Кларенс Зеедорфты жұмысынан артық шығынсыз босату үшін заңгермен кеңесті.

Бұл туралы CNN-нің журналисті Танкреди Палмери айтты.

Тілші Domenica Sportiva-ға сілтеме жасап, «россонери» өкілдері заңгермен кездесіп, Зеедорфты өтемақысыз жұмыстан шығарудың жолдарын қарастырғанын айтты. Келісім-шарттың бұзылу себебі Кларенстің клуб басшылығының рұқсатынсыз берген сұхбаты болуы мүмкін.

Сонымен қатар, италиялық басылымның айтуынша, голландиялық маманның вице‑президент Адриано Галлианимен арасындағы жаман қарым‑қатынасы үшін қуылуы ғажап емес.

38 жастағы бапкер 16 қаңтарда «Миланның» тізгініндегі Массимилиано Алегриді ауыстырған болатын. Оның басшылығымен «россонери» турнир кестесінінің оныншы сатысында орналасып тұр.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;