русский язык

«Қайрат» керекулік қонақтарының алдын орады

«Қайрат» керекулік қонақтарының алдын орады

Қазақстан Премьер - Лигасының 8-ші туры аясында алматылық «Қайрат» пен керекулік «Ертіс» оңтүстік астанада күш сынасты.

Жанкүйерлерінің сенімін жоғалтқан «Қайрат» бүгінгі ойында барын салары анық еді. Ал «Ертіс» болса сырт алаңда ұпай олжалауға тырысып бағатыны белгілі болды.

Сонымен, жанкүйерлер көптен күткен матч та басталып кетті. Әдетте қарсыластар ойынның алғашқы минуттарында бір-бірін зерттейтін еді. Бірақ Смақов бастаған жігіттер ысқырық шалына салысымен алға ұмтылды. Қуантаев-Кнежевич-Исламхан-Сисей төрттігі көз қызықтырарлықтай ойын өрнегін көрсете білді. Исламхан бірнеше рет алыстан бағыттаған соққысымен кереуліктердің қақпашысы Дожоджоның шеберлігін тексерді. Кнежевичте өз кезегінде қауіпті соққылармен көзге түсті. Том Рютли шәкірттері де құр қарап жатпады. Командадан кеткен Шомконың орнын басқан 77-ші номерлі Мухутдинов тепкен добы қақпаның тоғыздығына бағытталған еді, алайда Хомич өз орнанда табыла білді. Қара маржан Сисей екі ойыншының арасынан қақпаға бағыттаған добы қақпа маңдайшасынан қайтты. Алғашқы кезеңнің соңында Оңтүстік астаналық команда діттегендеріне жетті. Лачны айып алаңының сыртынан бағыттаған соққысын Джоджо шеберлігінің арқасында қайтара білді, алайда қаңғыған допқа бірінші болып жеткен Қуантаев есепті ашты. «Ертіс» футболшылары есеңгіреп қалғандай. Осы бір мезетті Вайсс шәкірттері сәтті пайдалана білді. Араға екі минут салып алматылық команда есепті 2:0-ге жеткізді. Исламхан ортадан суырылып шығып Дарабаевқа пас берді, ал Аслан жақын бұрыштыққа дәл көздеді. Джоджо шарасыз күйде. «Қайрат» «Ертісті»  нокдаунға жіберді.Осылайша алғашқы тайм өз мәресіне жетті.

Екінші тайм басталды. Том Рютли жігіттерін жігерлендіре алмады ма, әлде ойыншылар «осымен бітті» деді ма екен, әйтеуір «Ертіс» ойыншылары әлі де есенгіреп тұрағаны көрінді. Ойын «Қайрат» ойыншыларының басымдығымен өтіп жатты. Бірде Исламхан допты алыстан қақпаға тепсе, бірде Сисей соққы бағыттап жатты. Вайсс шәкірттері Джоджоның әбден мазасын алды. Бакаев Момоду Сисейді қақпашымен жеке шығарды, бірақ Момоду мүмкіндігін пайдалана алмады. Лачныда өз кезегінде матч қаһармандарының бірі Джоджодан айласын асыра алмады. Ойын соңына таман бұрыштама добын Говедарица сәтті пайдаланды. Хомич тек көзімен шығарып салды. «Ертіс» ойыншылары есепті қысқартты. Алайда тағы бір сілкініп, есепті теңестіруге шамасы келмеді. Жан алысып, жан беріскен ойын да аяқталды.

 

Премьер - Лига.

8-ші тур.

«Қайрат» (Алматы) - «Ертіс» (Павлодар) 2:1 (2:0)

Голдар: Қуантаев 40', Дарабаев 42', Говердица 89'

Төрешілер: Асхат Абданбев, Максим Субботин, Серік Қошқаров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;