русский язык

Күрестен Азия біріншілігі. Қорытынды күннің нәтижесі

Күрестен Азия біріншілігі. Қорытынды күннің нәтижесі

Күрестен Азия біріншілігінің қорытынды бесінші күнінде 66, 75, 80, 98 және 130 келіге дейінгі салмақтар бойынша жүлделер сарапқа салынды. 

Қазақстан құрамасына алтын медальді Ерұлан Ысқақов алып келді (98 келіге дейін). Жерлесіміз ақтық сында жапон Акира Осаканы тізе бүктірді.

Құрлықтық сайыстың қола жүлдесін Айбек Еңсеханов (66 келіге дейін) және Азамат Кұстубаев (80 келіге дейін) жеңіп алды. Досжан Кәртіков (75 келіге дейін) пен Есенгелді Жалғасбаев (130 келіге дейіг) қола медаль үшін таласта жеңіліп қалды.

Қорытынды күннің жүлдегерлері төмендегідей:

Греко-рим күресі

66 келіге дейін

1. Руслан Царев (Қырғызстан)

2. Хусарав Облобердиев (Тәжікстан)

3. Айбек Еңсеханов (Қазақстан)

3. Рю Хансу (Оңтүстік Корея)


 

75 келіге дейін

1. Ким Хьонву (Оңтүстік Корея)

2. Такехиро Канакубо (Жапония)

3. Абдвали Саид (Иран)

3. Ян Бинь (Қытай)

 

80 келіге дейін

1. Жанарбек Кензеев (Қырғызстан)

2. Гадериан Юсеф (Иран)

3. Азамат Кұстубаев (Қазақстан)

3. Ким Чжунхьюн (Оңтүстік Корея)


 

98 келіге дейін

1. Ерұлан Ысқақов (Қазақстан)

2. Акира Осака (Жапония)

3. Алиярифейзабади Али (Иран)

3. Сяо Ди (Қытай)


 

130 келіге дейін

1. Мехдизади Арьянтапех Бенхам (Иран)

2. Мурат Романов (Қырғызстан)

3. Ким Юнмин (Оңтүстік Корея)

3. Чжан Ян Нан (Қытай)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;