русский язык

«Ордабасы» өз алаңда «Спартакты» жеңді

«Ордабасы» өз алаңда «Спартакты» жеңді

Футболдан Қазақстан чемпионатының 8-ші турында шымкенттік «Ордабасы» семейлік «Спартакпен» кездесті.

Шымкентте өрбіген ойын алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Алдымен, Эндрю Мвесигва бірінші таймның аяқталуына бір минут қалғанда есепті ашты. Кейін, «Спартактың» футболшысы Неманья Чович таразы басын теңестірді. Дегенмен, матчтың 73-ші минутында Эндрю Мвесигва дубльдің авторы атанды. Қорытынды есеп – 2:1.

Футболдан ел чемпионаты. 8-ші тур.

«Ордабасы»-«Спартак»-2:1

Голдар: Мвесигва, 44, 73 – Чович, 65

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;