русский язык

Ел чемпионы «Астана Аренада» басым түсті

Ел чемпионы «Астана Аренада» басым түсті

Футболдан ел біріншілігі аясында сегізінші турдың орталық матчы Астанада өтті. Мұнда жергілікті команда ел чемпиондары «Ақтөбені» қабылдады. Қазір турнир кестесінің бірінші сатысында келе жатқан «Астана» өз алаңында негізгі қарсыластарының бірін жеңу үшін барын салды.

Ойынның алғашқы минуттары қонақтар үшін сәтті басталды. Ойынның төртінші минутында Игорь Зенькович Марат Хайруллиннің пасынан кейін алаң иелерінің қақпасын баспен дәл көздеді. Араға үш минут салып, «Астана» қатарынан екі бұрыштама доп көтерді. Алайда қос мүмкіндікті де елордалықтар пайдалана алмады. Қарымта шабуылда ел чемпиондары есепті еселей жаздады. «Астананың» қорғаушылары екінші стандартты шабуылда сақ ойнады.  Он бесінші минутта алаң иелері таразы басын тең қылды. Курдов айып алаңында Кетевоамаға пас берді, ұрымтал жерде тұрған африкалық шабуылшы мүлт кетпеді. Бірінші таймның ортасына таман командалар қарқынын төмендете бастады. Әрине, тоқсан минут бойы жоғары деңгейде өнер көрсететін бұл еуропалық грандтар емес. Кездесудің 33-минутында қонақтар қарсыластарының қақпасына жақын жерде айып добына ие болды. Алайда Хайрулиннің соққысы Логиновскийдің қақпасына қауіп тудыра алған жоқ. Қос ұжым жа үзіліске кетердің алдында алға шығып алуды көздесе керек, командалар шабуылда белсендірек ойнай бастады. Және бұл қадам ақтөбеліктерге нәтижесін алып келді. 45-минутта Марат Хайруллин алдындағы қорғаушыдан айналып өтіп, алаң иелерінің қақпасын дәл нысаналады.

Үзілістен кейін «Ақтөбе»  алаңға тың ойыншысын шығарды. Жартылайқорғаушы Шабалинді армян Пизелли ауыстырды. Армениялықтың шығуымен қонақтар алаңның ортасында басымдықты өз қолдарына алуға тиіс болатын. Тиісінше, астаналықтардың сапынан Курдов орнын Остапенкоға босатты. Екінші тайм белсенді шабуылдармен басталған жоқ. Кездесудің 65-минутанда Неконың қателігінен кейін Фокси Кетевоама Сидельниковпен бірге‑бір шықты. Алайда Фокси есепті екінші рет теңестіре алмады. Ойынға тың өзгеріс керек екенін түсінген Бабаян алаңға қос бірдей ойыншысын жіберді. Ли мен Ахметовтың орындарына Қуат пен Кояшевич шықты. 68-минутта Кетевоама сала алмаған голдары бойынша дубль жасады. «Ақтөбенің» айып алаңында ашық қалған Фокси допты қақпаға дәл бағыттай алмады. Голдың «иісін» сезе бастаған елордалықтар қонақтардың қақпасына бірнеше қауіпті шабуыл жасады. Ақтөбеліктердің бақытына орай, вице‑чемпиондарға дәлдік жетіспеді. Ал 75-минутта чемпиондарды қақпа бағанасы құтқарып қалды. Колумбиялық Рохер Каньяс отыз бес метрден Сидельниковтың қырағылығын тексеріп көрді. Алаң иелерінің өкінішіне қарай, доп бағанаға тиіп, кері серпілді. Бірнеше мүмкіндіктерден кейін «Астана» ойыншылары тынышталып қалды. Бұны пайдалаған ақтөбеліктер ұмтылыстар жасап көрді. Десе де, қос клубта да қорғаушылар жоғары деңгейде ойнады. 89-минутта Исламбек Қуат алыстан соққы бағыттады, алайда Сидельников өз орнынан табылды. Төреші қосқан қосымша уақытта астаналықтардың барлық ұмтылысы нәтижесіз аяқталды.

«Астана» ­­- «Ақтөбе» 1:2 (1:2)

Голдар: Зенькович 4, Кетевоама 15, Хайруллин 45

«Астана»: Логиновский, Ахметов, Нұрдәулетов (К), Дмитриенко, Шомко, Ли, Шахметов, Каньяс, Кетевоама, Курдов, Нөсербаев.

Қосалқы құрам: Төлебаев, Кояшевич, Сисеро, Жолшиев, Қуат, Постников.

«Ақтөбе»: Сидельников, Мулдаров, Бадло (К), Мирошниченко, Хайруллин, Неко, Арзуманян, Тағыберген, Шабалин, Коробкин, Зенькович.

Қосалқы құрам: Нәрзіқұлов, Царикаев, Пиззели, Логвиненко, Гейнрих, Кападзе, Айымбетов.

Төрешілер: Дүзмамбетов (Өскемен), Филоненко (Тараз), Шабанов (Алматы), Кучин (Қарағанды), Гаузер (Петропавл).     

27.04.2014. «Астана –Арена». 3000 көрермен

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;