русский язык
Футзал

«Барселона» - футзалдан УЕФА кубогының жеңімпазы!

«Барселона» - футзалдан УЕФА кубогының жеңімпазы!

Футзалдан УЕФА кубогының финалында «Барселона» қосымша уақытта мәскеулік «Динамоны» ұтты.

Кездесу 5:2 есебімен аяқталды. Алдымен, Ромуло кездесудегі алғашқы голдың авторы атанды. Содан соң, Барселона ойыншылары есепті теңестіріп қана қоймай, кейін есепте алға шықты. Дегенмен, Динамоның ойыншысы Тату таразы басын теңестірді.

Негізгі уақыт тең есеппен аяқталды. Ойын экстра таймға жалғасты. Онда, Испания чемпиондары Густавоның қақпасына үш жауапсыз гол соғып, УЕФА кубогының екі дүркін жеңімпазы атанды.

 

Футзалдан УЕФА кубогы. Финал

«Динамо» (Ресей) – «Барселона» (Испания) 2:5, экстра тайм. (1:0, 2:2)

Голдар: Ромуло (10), Тату (33) – Габриэл (23), Диего (30), Фернандао (41), Серхио Ласано (50), Пако Седано (50)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;