русский язык
Футбол

Виллаш-Боаш жаңа рекорд орнатты

Виллаш-Боаш жаңа рекорд орнатты

26 сәуірде Ресей біріншілігінің 27-туры аясында питерлік «Зенит» нижегородтық «Волганы» 2:0 есебімен жеңді. Бұл Андре Виллаш-Боаштың клуб тізгінін ұстағалы қатарынан алтыншы жеңісі.

2002 жылы Валерий Газаев ЦСКА рөлін ұстағаннан кейін қатарынан бес ойын бойы қарсыласынан айласын асыра білген. Он екі жылға жуық бойы сақталған рекорд бүгін өзгерді.

Андре Виллаш-Боаш «Зениттің» тізгінін 2014 жылдың 20 ақпанында ұстаған болатын. Оның басшылығымен питерлік клуб «Крылья Советов» (2:1), «Амкар» (2:1), «Рубин» (6:2), «Краснодар» (4:1), «Анжи» (2:1) және «Волганы» (2:0) жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;