русский язык
Футзал

«Араздық» пен түйіткіл. «Қайрат» чемпиондық атағын қорғай алмады

«Араздық» пен түйіткіл. «Қайрат» чемпиондық атағын қорғай алмады

Алматылық «Қайрат» УЕФА кубогы аясында үшін орын үшін өрбіген кездесуде жергілікті «Аразбен» күш сынасты.

Естеріңізге сала кетсек, футзалдан УЕФА кубогының жартылай финалында «Қайрат» соңғы минуттарда «Динамоға» есе жіберсе, әзірбайжандықтар пенальти сериясында «Барселонадан» ұтылған болатын.

Араға екі күн салып қос ұжым «Серхедчи» спорт кешенінде түйісті. ­Өкінішке қарай, тартысты өрбіген ойында «Араз» «Қайратты» тізе бүктірді.

Кездесу баяу басталды. Алаң иелері қорғанысқа көп көңіл бөлді. «Қайраттың» бірнеше шабуылдарын Попов сәтті қайтарды. Десек те, ойынның он бесінші минутында «Динамоға» қарсы матчта Густавоның қақпасынан саңлау тапқан Барон есепті ашты. Екі минуттан кейін, Фумаса есепті еселеді – 2:0. Әзербайжандықтар бірден есепті қысқартуға ұмтылғанымен, шабуылдары сәтсіз болды. Игитаның шеберлігін ерекше атап өткен жөн. Осылайша, бірінші тайм 2:0 есебімен аяқталды.

Екінші кезең басталысымен алаң иелері есепті қысқартуға ұмтылды. Дегенмен, олардың шабуылдарына дәлдік жетіспеді. Қонақтар жиі ереже бұза бастады. Ал екінші таймның 6-шы минутында «Араз» ойыншысы Амадеу есепті қысқартты. Бір минуттан кейін Игита ереже бұзып қызыл қағаз алды. Кейін, Фолья таразы басын теңестірді – 2:2. Араға екі минут салып Кайо «Қайратты» есепте алға шығарған. Қарымта шабуылда Фолья дубльдің авторы атанып, есепті тағы теңестірді – 3:3! Екі минуттан кейін, Фумаса алматылықтарды алға шығарды. Дегенмен, бес минут ішінде әзербайжандықтар екі гол соғып есепті өз пайдасына өзгертті - 5:4. «Қайрат» ойыншылары бар күшімен шауылдады осы сәтте, алайда оңтайлы шабуылда Эдуардо жалпы есепті қорытындылады – 6:4!

Осылайша, «Қайрат» қатарынан екінші рет ұтылды. Әзербайжандық «Араз» болса УЕФА кубогының қола жүлдегері атанды.

Айта кетер жайт,осы кездесуден кейін УЕФА кубогының финалында «Динамо» мен «Барселона» кездеседі.

 

Футзалдан УЕФА кубогы. «Төрттік финал». 3-ші орынға ойын.

«Араз» - «Қайрат» - 6:4 (0:2)

Голдар: Амадеу 27, Фолья 28, 32, Фабиано 37, Аугусто 38, 39 –  Барон 16, Фумаса 18, 30, Кафе 30

«Араз»: Попов, Фабиано, Фолья, Рафаэль, Августо, Буранелло, Перич, Фелипе, Эдуардо, Чуец, Борисов, Мамедкаримов.

«Қайрат»: Игита, Жоан, Фумаса, Лео, Барон, Халявин, Жаманкулов, Пенгрин, Сулейменов, Рубиньо, Эулер, Кафе, Кайо.

Төрешілер: Марк Биркетт (Англия), Борут Сивич (Словения)

26-шы сәуір 2014 ж. Серхедчи спорт кешені. Әзербайжан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;