русский язык
Хоккей

«Сарыарқа» Братина Кубогында үшінші жеңісіне жетті

«Сарыарқа» Братина Кубогында үшінші жеңісіне жетті

Қарағандылық «Сарыарқа» тюмендік «Рубинді» сырт алаңда жеңіп, Братина Кубогын жеңіп алуға жақындай түсті.

Бірінші периодта есепті қарағандылықтар ашты – кзге түскен Сергей Елизаров.

Екінші жиырмаминуттық басталғанда «Рубин» ойыншысы алаңнан қуылып, қонақтар басымдықты ұтымды пайдалана алды. Алайда командалар үзіліске кетпей тұрып Максим Зюзякин есеп айырмасын қысқартып үлгерді.

Үшінші период бойы тюмендіктер таразы басын теңестіру үшін барын салды. Қарағандылықтар 16-минутта ғана қауіпті шабуыл жасай алды. Осы жалғыз ұмтылыс бүгінгі ойынның нүктесін қойды да. Олег Ломако шайба салып, ойын тағдырын шешіп тастады.

 

«Рубин» (Тюмень) – «Сарыарқа» (Қарағанды) 1:3 (0:1, 1:1, 0:1)

0:1 – Елизаров – 11:11

0:2 – Макаров (Лебедев, Гуле) – 21:47,

1:2 – Зюзякин (Чибисов) – 29:57

1:3 – Ломако (Махо, Ал. Васильев) – 55:20

Қақпашылар: Франскевич – Горячевских

Серия есебі: 2:3

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;