русский язык
Футзал

Какау мен Сүлейменов Бакуде шеберлік сыныбын өткізді

Какау мен Сүлейменов Бакуде шеберлік сыныбын өткізді
«Қайрат» футзал клубының бас бапкері Какау мен команда капитаны Дінмұхамет Сүлейменов Бакуде мастер-класс өткізді.
 
Естеріңізге сала кетсек, алматылық клуб Әзербайжанның астанасына УЕФА кубогының жеңімпазы атағын қорғау үшін аттанған болатын. Алайда, жартылай финалда алматылықтар «Динамодан» 1:2 есебімен ұтылып қалды. 
 
УЕФА мерейтойы аясында Какау мен Сүлейменов жергілікті мектептердің бірінде жас жеткіншектерге шеберлік сыныбын өткізді. Әзербайжан мектептеріндегі дене шынықтыру сабақтарында балаларға футзал үйретіледі. Мерейтойдың соңында барлық балаларға «Қайрат» ойыншыларының қолтаңбаларымен жейделер таратылды.
 
 
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;