русский язык
Хоккей

«Спартак» жастары «Красная Армияны» тағы да жеңді

«Спартак» жастары «Красная Армияны» тағы да жеңді

Хоккейден Харламов Кубогы финалының бесінші матчында «Спартак» жастар клубы «Красная Армияны» тізе бүктіріп, серияда алға шықты.

Бірінші период «қызыл-ақ түсті» командадың басымдығымен өтті. Алғашқы үзіліске дейін Арсений Хацей өз командасын алға шығарды.

Қалған екі периодта жас спартакшылар «әскерші» құрдастарының шабуылдарына төтеп беріп, өз кезегінде қарымта шабуылдарда бағын сынады. Кездесудің аяғында «Красная Армия» қақпашысының орнына алтыншы ойыншы шықты. Алайда бұл қадам «әскершілердің» өзіне қарсы жасалды. Қорғаныста қолапайсыз ойнаған оларды «Спартак» екінші шайбасын салып, ойын тағдырын шешіп тастады.

«Красная Армия» – «Спартак» ЖХЛ 0:2 (0:1, 0:0, 0:1)

0:1 – Хацей (Воробьев, Крутиков) – 18:22

0:2 – Хацей – 59:33

Төрешілер: Самойлов – Шестеркин

Сериядапғы есеп: 2:3

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;