русский язык
Футзал

«Барселона» алаң иелерін ұтып, финалға шықты

«Барселона» алаң иелерін ұтып, финалға шықты

УЕФА Кубогының екінші жартылай финалдық матчында «Төрттік финалын» өз алаңында өткізіп жатқан «Араз» испаниялық «Барселонаға» қарсы ойнады. Ойын тең дәрежеде өтті, ал финалға шығатын команданы пенальти арқылы анықтауға тура келді.

Есепті ойынның үшінші минутында бакуліктер ашты. Алайда 12-минуттан каталондық клубтың ойыншысы Игор таразы басын теңестірді.

Екінші таймда бірнеше нәтижелі шабуылдар болды. Қарсыластар бір-бірінің қақпасына екі голдан салды. Алдымен барселоналық Айкардо дубльмен көзге түссе, кейін «Араздың» ойыншысы Аугусто есеп айырмасын қысқартты. Ал кездесуідің бітуіне он алты секунд қалғанда Адриано Фолья есепті теңестіріп, ойынды овертаймға ауыстырды.

Қосымша уақытта командалар тағы бір голмен алмасып алды. Ал ойын соңындағы пенальтиде каталондықтардың жолы болып, финалда мәскеулік «Динамомен» ойнайды.

Ал қола медаль үшін «Араз» 26 сәуірде алматылық «Қайратпен» күш сынаспақ.

 

«Араз» (Баку, Азербайджан) – «Барселона» (Испания) 4:4 (пенальти – 2:4)

Голдар: Рафаэл (3), Фабиано (28), Фолья (40), Амадеу (49) – Игор (12), Айкардо (22, 27), Диего (46)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;