русский язык
Футбол

Еуропа лигасы. «Севилья» мен «Бенфика» финалға бір табан жақын

Еуропа лигасы. «Севилья» мен «Бенфика» финалға бір табан жақын

Cәуірдің 24-нен 25-не ауған түні Севилья мен в Лиссабон қалаларында Еуропа лигасының матчтары өтті.

«Севилья» өз алаңында «Валенсияны» қабылдаған болатын. 33-і минутта Стефан Мбиа . Иван Ракитич орындаған стандарттың бағытын өзгертіп атына алғашқы голды жазды, тура үш минуттен кейін Карлос Бакка қарымта шабуылда көзге түсті.

 

«Севилья» (Испания) – «Валенсия» (Испания) 2:0 (2:0)

Голдар: Мбиа (33), Бакка (36)

 

Екінші матчта португалдық «Бенфика» «Ювентустен» айласын асырып кетті. Ойынның 3-ші минутында бұрыштамадан көтерілген допты Эсекьель Гарай қақпаға дәл бағыттады. «Бьянконери» сегіз минут өтпестен Карлос Тевестің арқасында таразы басын теңстірді.

Соңғы сөзді «Бенфика» айтты. 84-ші минутта Родриго Лима он үш метр қашықтықтан қапталдан берілген допты құлаштап теуіп Джанлуиджи Буффонды қапы қалдырып кетті.

 

«Бенфика» (Португалия) – «Ювентус» (Италия) 2:1 (1:0)

Голдар: Гарай (3), Лима (84) – Тевес (73)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;