русский язык
Бокс

Бокстан ӘЧ. Софиядан екі алтын!

Бокстан ӘЧ. Софиядан екі алтын!

Бокстан әлем чемпионатында жастарымыз екі алтын және екі күміс медаль олжалады.

София қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының ақтық кездесулері өтті. Финалдық жекпе-жекке шыққан төрт қазақстандық спортшының үшеуі шықты.

49 кг салмақта қазақстандық Шалқар Айхынбай Сүлеймен Латиповты жеңіп чемпион атанды.

Абылайхан Жүсіпов те (60 келі)  румыниялық Арсен Мұстафаны тізе бүкітіріп, алтын медальды қанжығалады.

Ақтық кездесуде кубылық былғары қолғап шебері Хавьер Ибаньеске есе жіберген Сұлтан Заурбек (56 кг) күмісті місе тұтты. Болгариялық Благо Найденововтан жеңіліп қалған Вадим Казаков (81 келі) та күміспен күптелді. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;