русский язык
Футзал

УЕФА кубогы. «Динамо» «Қайраттан» есесін қайтарды

УЕФА кубогы. «Динамо» «Қайраттан» есесін қайтарды

Әзербайжан астанасы Бакуде футзалдан УЕФА кубогының алғашқы жартылай финалдық матчы өтті. «Серхедчи» спорт кешенінде алматылық «Қайрат» пен мәскеулік «Динамо» бірінші болып алаңға шықты.

Жартылай ғана толған «Серхедчи» аренасындағы ойын басталды. «Қайрат» ойыншысы Лео оң қапталдан жойқын соққы жасады, бірақ Густаво қауіпті соққыны қайтарды. Қарымта шабуылда «Динамо» ойыншылары есепті ашатын мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмады. Қос ұжымда белсенді ойын көрсетуде. Барон соққы жасап еді… Әттең, Густаво шеберлік таныта білді. Игита ойындағы алғашқы соққысын қиыс бағыттады.

Оныншы минутта Жоан «Динамо» ойыншысына қарсы ереже бұзып сары қағаз алды. Лео тағы бір соққы жасады, сәтсіз. Алматылықтар жиі шабуылдауда. Дегенмен, бірінші таймда гол соғылмады. Есеп – 0:0. Командалар үзіліске кетті. 

Екінші тайм «Қайраттың» шабуылдарымен басталды. Алдымен, Барон шатасса, Фумасаға дәлдік жетіспеді. Алматылықтар допқа иелік етуде. Дегенмен, «Динамо» ойыншылары есепті бірінші болып ашты. Ромуло Игита қақпасынан саңлау тапты – 1:0. УЕФА кубогының қазіргі жеңімпаздары бірден алға ұмтылды. Бірақ, ресейліктердің қорғанысы мықты. Густаво!! Игитаның жойқын соққысын қайтара білді. Ромуло есепті еселейтін мүмкіндікті жіберіп алды. Баронның соққысы қақпа маңдайшасына тиді... ГОЛЛЛ!!! Есеп теңесті! Алешандренің пасынан Барон жауап қайтарды. Өте әдемі гол.

Тағы бір мүмкіндік, Фумаса! Алайда, Густаво соққыны сәтті қайтарды. Ары қарай, Барон қақпа бағаңасына тиді. Қарымта шабуылда динамолықтар айып соққыдан есепте алға шықты. Фернандиньо Игитаға мүмкіндік бермеді – 2:1. Ойын соңында дейін есеп өзгермеді, «Динамо» былтырғы жылғы кеткен есесін, міне, бүгін қайтарды.

УЕФА Кубогы. «Төрттік финал». Жартылай финал.

«Қайрат» - «Динамо» - 1:2 (0:0)

Голдар: Барон 31 - Нандо 25, Фернандиньо 38

«Қайрат»: Игита, Жоан, Фумаса, Лео, Алешандре, Халявин, Жаманкулов, Пенгрин, Сүлейменов, Рубиньо, Эулер, Сафе, Кайо, Барон,

«Динамо»: Густаво, Ромуло, Рахимов, Сирило, Фернандиньо, Поддубный, Кобзарь, Тату, Фукин, Татдо, Пула, Сучин, Паулиньо

Төрешілер: Марк Биркет (Англия), Сивич (Словения).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;