русский язык
Хоккей

Сериядағы есеп теңесті

Сериядағы есеп теңесті

Братина Кубогы финалының төртінші кездесуінде қарағандылық «Сарыарқа» түмендік «Рубинге» тізе бүкті.

Өткен матчтағыдай қонақтар алғаш болып есеп ашты, тіпті есепті 2:0-ге жеткізді. Бірақ қарағандылық ұжым тез арада есін жинап жауап ретінде Олег Ломако мен  Денис Кузьмин бір-бір шайбадан соқты.

Алайда, үшінші кезеңде Александр Громовтың алыстаған соққан шайбасы Ковачтың қақпасында тулап жатты. Сосын, Станислав Голованов қарағандылықтарға мүмкіндік қалдырмады.

 

«Сарыарқа» (Қарағанды) – «Рубин» (Түмен) 2:4 (0:1, 1:2, 0:2)

0:1 – Сандер (Гайдаш) – 06:41
0:2 – Зюзякин – 24:29
1:2 – Ломако (Ал. Васильев, Махо) – 26:50
2:2 – Кузьмин (Ломако, Махо) – 31:34
2:3 – Громов (Трифонов) – 48:41
2:4 – Голованов (Акифьев) – 54:56

Қақпашылар: Ковач – Франскевич
Сериядағы есеп: 2:2

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;