«Қыран» «Ақжайықтан» басым түсті
![«Қыран» «Ақжайықтан» басым түсті](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1398251459_324303168.jpg?v=28688548)
Футболдан Қазақстан Кубогы аясында шымкенттік «Қыран» өз алаңында батысқазақстандық «Ақжайықты» жеңді.
Былтыр Премьер-Лигада бақ сынаған «Ақжайық» кубоктық саяхатын ерте аяқтады. Шымкенттіктер қонақтарының қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Евгений Чикризов дубль жасаса, Эльбар Нәбиев бір мәрте қанжығасын майлады. Бірінші лигасының көшбасшысы 1/8 финалда.
«Қыран» — «Ақжайык» 3:0 (1:0)
Голдар: Чикризов 42 (1:0), Нәбиев 59 (2:0), Чикризов 82 (3:0)
Төреші: Сахи (Қызылорда)
23.04.2014. Шымкент. Қажымұқан ат. Орталық стадион. 700 көрермен.