русский язык
Футбол

ТБК-ның отырысы болды

ТБК-ның отырысы болды

Тәртіптік-бақылау комитетінің кезекті отырысы өтті. Қабылданған шешімдер төмендегідей:

БІРІНШІЛІК

III тур

 «Астана» - «Қайсар»

«Қайсар» футбол клубының бас бапкері Огай Дмитрийге ойын соңындағы баспасөз мәслихатына қатыспай, матчтың ресми тұлғаларына дөрекі сөйлегені үшін 300 000 теңге айыппұл салынды.

V тур

 «Қайрат» - «Астана»

«Қайрат» футбол клубының ойыншысы Плиев Заурбектің дисквалификациясы 3 матчтан 2-ге азайды. Алайда алты айлық сынақ мерзімі қойылды.

«Ақтөбе» - «Жетісу»

«Жетісу» футбол клубының ойыншысы Заречный Константиннің дисквалификациясы 3 матчтан 2-ге азайды. Алайда алты айлық сынақ мерзімі қойылды.

VII тур

 «Тараз» - «Атырау»

«Атырау» футбол клубының ойыншысы Карпович Андрей дөрекі ойнағаны үшін 3 матчқа аластатылды.

«Тараз» футбол клубының Уббинк Корнелис қарсыласын итергені үшін 3 матчқа аластатылды.

«Тараз» футбол клубына команданың өрескел ойыны үшін (2 ойыншының алаңнан қуылуы) және жанкүйерлерінің орынсыз әрекеттер жасағаны үшін 500 000 теңге айыппұл салынды.

ҚОСАЛҚЫ ҚҰРАМ КОМАНДАЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ТУРНИР

VIIтур

«Тобыл» - «Қайрат»

«Тобыл» футбол клубына команданың өрескел ойыны үшін (5 ойыншының ескету алуы) 30 000 теңге айыппұл салынды.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;