русский язык
Хоккей

«Лев» Гагарин Кубогының финалында екінші жеңісіне жетті

«Лев» Гагарин Кубогының финалында екінші жеңісіне жетті

Прагалық «Лев» Гагарин Кубогының финалдық үшінші матчында магниторсктік «Металлургты» жеңіп, сериядағы екінші жеңісіне жетті.

Матчтың есебі екінші минутта ашылды –бұл жолы иржи Секач жанкүйерлерінің көзайымына айналды. Екінші кезеңде Магниторск командасы Сергей Мозякиннің бастауымен таразы басын тең қылды.

Үшінші кезеңнің бел ортасында «Лев» айдындағы көптігін пайдаланып, екінші рет алға шықты.

Ойынның негізгі уақыты аяқталар тұста «Металлургтің» бас бапкері тәуекелге барып, айдындағы қақпашысының орнына ойыншыны жіберді. Жаттықтырушының бұл қадамы өз жемісін алып келді де. Франсис Паре есепті теңестірді. Алайда «Лев» ойыншылары жеңісті жұлып әкетті.
 

«Лев» (Прага) – «Металлург» (Магнитогорск) 3:2 (1:0, 0:1, 2:1)

1:0 – Секач (Тернберг, Врана) – 01:25
1:1 – Мозякин (Зарипов) – 38:57, в большинстве
2:1 – Азеведу (Ойстрик, Мяэнпяя) – 50:59, в большинстве
2:2 – Паре (Мозякин, Ли) – 58:42
3:2 – Азеведу (Мяэнпяя) – 59:36

Қақпашылар: Веханен – Кошечкин

Серия есебі: 2:1

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;