русский язык

Чемпиондар лигасы. Әлі ештеңе шешілген жоқ

Чемпиондар лигасы. Әлі ештеңе шешілген жоқ

Чемпиондар лигасының жартылай финалына шымылдық болған «Атлетико» мен «Челси» арасындағы кездесу күткен үмітті ақтамады.

«Барселона» мен «ПСЖ» секілді азулы қарсыластарын қапы қалдырып, кәрі құрлықтың үздік төрттігіне кірген бұл жұптың кездесуінде жанкүйерлер гол көрген жоқ. Диего Коста секілді сұрмергені бар «Атлетикоға» Жозе Моуриньо шәкірттері тойтарыс бере алды.

Келесі сәрсенбіде «Челси» алаңында өтетін қарымта кездесуде ақтық сында ойнайтын клуб анықталады.

«Атлетико М» (Мадрид) – «Челси» (Лондон) – 0:0 (0:0) 
«Атлетико»: 
КуртуаГодинФилипе,ХуанфранМирандаМарио (Соса 80’), КокеГарсия (Вилья 86’), ГабиДиего(Арда 60’), Диего
Қосалқы құрам: РодригесТьягуАранссубияАлдервейрельд
"Челси": Чех (Шварцер 18’), КоулЛуисКэхиллТерри (Шюррле 73’),АспиликуэтаРамиресЛэмпардОби МикельВиллианТоррес
Қосалқы құрам: ЭйкВан ГинкелБаКалашОскар дос
Ескерту алғандар: Лэмпард 64’, Оби Микель 75’, Габи 75’, Миранда 89’
Төреші: Эрикссон Йонас.
22 сәуір. "Висенте Кальдерон" стадионы (Мадрид).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;