русский язык
Хоккей

ЖХЛ. Финал. «Красная Армия» екінші жеңісін тойлады

ЖХЛ. Финал. «Красная Армия» екінші жеңісін тойлады

«Красная Армия» Харламов Кубогының финалдық сериясы аясында үшінші кездесуінде «Спартакты» ЖХК жеңіп, жалпы есепте жеңімпаз атануға жақындай түсті.

Есепті екінші кезеңнің басында спартакшылар ашты. Алайда жас «әскершілер» Александр Тимеревтің көмегімен бірден таразы басын теңестіріп тастады. Ал кезеңнің ортасына таман «Красная Армияның» капитаны Артем Блажиевский командасын алға шығарды.

2:1 есебі ойынның соңына дейін ұсталды. «Спартак» есепті теңестіру үмітімен қақпашының орнына ойыншыны жіберді. Бірақ бұл тәсіл өздеріне қарсы жұмсалды – Павел Подлубошнов спартакщылардың бос қақпасын дәл көздеп, өз командасына жеңіс сыйлады.

«Спартак» (Мәскеу) – «Красная Армия» (Мәскеу) 1:3 (0:0, 1:2, 0:1)

1:0 – Павлюков (Юдов, Ермаков) – 22:56,
1:1 – Тимирев (Воробьев) – 24:27
1:2 – Блажиевский (Шаров, Тимирёв) – 30:03
1:3 – Подлубошнов (Прохоров) – 58:47, 

Төрешілер: Шестеркин – Самойлов

Серия есебі: 1:2

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;