русский язык
Футбол

Дэвид Мойес – анти-рекордшы

Дэвид Мойес – анти-рекордшы

Сейсенбіде «МЮ-дың» басшылығы Дэвид Мойесті бас бапкерлік міндеттен босатты. Аталмыш маманның биылғы маусымда орнатқан анти-рекордтарына көз салсақ...

Осы аптада «қызыл сойқандар» шотландтың бұрынғы командасы «Эвертонға» жол берді. Бұл жеңіліс «Манчестер Юнайтедті» 19 жылдан бері бірінші рет Чемпиондар лигасының тасасында қалдырды. Біріншіліктің аяқталуына үш тур қалғанда команда 57 ұпаймен жетінші орында келе жатыр.

 

1969/70 жылдан бері «МЮ» бірінші рет «Эвертоннан» екі кездесуде де ұтылды.

– Бірінші рет «МЮ» бір маусымда «Эвертон» мен «Ливерпульден» екі ойында да жеңілді.

– «МЮ» өз тарихында бірінші рет «Манчестер Сити» мен «Ливерпульге» екі кездесуде де жол берді.

– «МЮ» өз тарихында алғаш рет ойынның бірінші минутында гол жіберді. Голдың авторы - Эдин Джекоиз.

– «МЮ» осы біріншілікті Премьер-Лигадағы ең аз ұпаймен аяқтайды. 

– 1995 жылдан бері «МЮ» бірінші рет Чемпиондар Лигасына шыға алмады.

– 2001 жылдан бері «МЮ» бірінші рет үш ойын қатарынан жеңілді.

– «МЮ» алғаш рет өз алаңында «Суонсиге» жол берді.

– «МЮ» Англия Кубогын үшінші раундта аяқтады. Бұндай жағдай сэр Алекс Фергюсен дәуірінде бір рет қана болды.

– 1972 жылдан бері «МЮ» өз алаңында бірінші рет «Ньюкаслға» есе жіберді.

– 1978 жылдан бері «МЮ» өз алаңында бірінші рет «Вест Бромвич Альбионға» жол берді.

– 1984 жылдан бері «МЮ» «Стоктан» ұтылды.

– Өз тарихында «МЮ» өз алаңында нашар өнер көрсетуде. Әзірше, Мойес шәкірттері «Олд Траффордта» жеті мәрте жеңілді.

– Қазіргі жетінші орын 1989/1990 жылғы маусымнан бері ең нашар көрсеткіш.

«Қызыл сойқандардың» тізгінін Англия біріншілігінде клубтың ардагері Райан Гиггз ұстайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;