русский язык
Теннис

Зарина Диас 85-сатыға көтерілді

Зарина Диас 85-сатыға көтерілді

21 сәуірде Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA)әлемдегі үздік теннисшілердің рейтингін жаңартты.

Соңғы турнирдегі сәтті ойындарынан кейін Зарина Диас жоғарылады. Енді қазақстандық теннисші әлемнің 93-ші емес, 85-ші ракеткасы. Юлия Путинцева 151-сатыға тұрақтады. Ал қазақстандық теннисшілерден үздік атанып тұрған, әзірше, Ярослава Шведова 55-орынды сақтап қалды.

Екататерина Клюева 976-орыннан бірден 759-сатыға көтерілді.

Ал үздік бестікте ешқандай өзгеріс оррын алған жоқ. Әлі де амирекалық Серена Уильямс көш бастап тұр, артында Ли На мен Агнешка Радванска із басып келеді.

 

WTA рейтингі

1. Серена Уильямс (АҚШ) (0)

2. Ли На (Қытай) (0)

3. Агнешка Радваньска (Польша) (0)

4. Виктория Азаренко (Беларусь) (0)

5. Симона Халеп (Румыния) (0)

55. Ярослава Шведова (Қазақстан) (0)

67. Галина Воскобоева (Қазақстан) (-2)

85. Зарина Дияс (Қазақстан) (+8)

151. Юлия Путинцева (Қазақстан) (+8)

179. Сесиль Каратанчева (Қазақстан) (0)

297. Кәмила Керимбаева (Қазақстан(-1)

509. Анна Данилина (Қазақстан) (-3)

700. Әсия Дайыр (Қазақстан) (+1)

710. Александра Гринчишина (Қазақстан) (+6)

759. Екатерина Клюева (Қазақстан) (+217)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;