русский язык
Футбол

Владимир Вайсс: «Төрешілер үшін айыппұл төлеуден жалықтым»

Владимир Вайсс: «Төрешілер үшін айыппұл төлеуден жалықтым»

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Владимир Вайсс «Тобылға» қарсы өткен соңғы матчтан кейін төрешілер үшін айыппұл төлеуден жалыққанын айтты, деп хабарлайды қостанайлық клубтың ресми сайты.

Ойын соңынан кейінгі баспасөз жиынында «Бүгінгі кездесудегі төрешілікке қандай баға бересіз деп Вайссқа әлдебіреу қасақана сұрақ қойды. «Сіз қалай ойлайсыз?» деп қарсы сұрақ қойды алматылықтардың жаттықтырушысы.  «Төрешілер үшін айыппұл төлеуден жалықтым» деп қосты артынша.  

Естеріңізде болса, Вайсс футболдан ел біріншілігінің 5-ші турында қызыл қағаз алып алаңнан қуылған. Артынша 300 000 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;