Питер Куиллин Головкинмен жұдырықтасқысы келеді
![Питер Куиллин Головкинмен жұдырықтасқысы келеді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1397996126_885210369.jpg?v=28694977)
WBO-ның әлем чемпионы Питер Куиллин осы салмақ бойынша WBA чемпионы Геннадий Головкинмен кездесуге дайын, деп хабарлады америкалықтың промоутері Ричард Шефер.
«Бізге ұсыныс жіберіңдер. Біз жұдырықтасуға дайынбыз», - деген Шефердің сөзін Sport Illustrated басылымының шолушысы Крис Мэнникс өз микроблогында жариялады.
Айта кетерлік жайт, Питер Куиллин бұған дейін чех Лукаш Конечныды төрешілердің шешімімен жеңген болатын.