русский язык
Футзал

Халявин: «Жеңіс үшін ғана ойнадық»

Халявин: «Жеңіс үшін ғана ойнадық»

«Қайрат» футзал клубының тәжірибелі қақпашысы Виталий Халявин командамен бірге он бірінші рет ел чемпионы атағын алды.

- Еш маңызы жоқ матчқа дайындалу қиын болған жоқ па?

-Әрине, жоқ. Тек жеңіске жету үшін дайындалдық. «Тұлпар» біздің негізгі қарсыласымыз. Өзімізді жақсы тұстан көрсетіп, біріншіліктің есікігін қатты жапқымыз келді. Жеңуге деген құштарымыз мол болды, Себебі біз төрешілердің немесе басқа біреулердің көмектесуімен ұтты деген желсөздерге нүкте қойғымыз келеді. Бүгін ойымыз жүзеге аспады, бірақ бұл футзал, мұнда бәрі де болуы мүмкін.

- Қазақстан біріншілігі тарих парағында қалды, алда УЕФА Кубогы бар.

«Динамо» клубы қашан да мықты. Сондықтан бұл кездесу қызық болмақ.

- Ресейлік команданың қақпасынын сенің ескі танысың күзетеді. Яғни, Густаво...

- Ол жоғары деңгейдегі ойыншы. Алайда жарақат алып қалғаны өкінішті. Ол нағыз күрескер. Тіпті, миы шайқалғаннан кейін де күш тауып, алаңға қайта оралды. Бізбен ойнағанда ол жүз пайызға дайын болады деп сенемін.

- Сенің командада болғаныңа он бір жылдан асты. Өзіңді клубтың ардагері сезінесің бе?

Әрине, «Қайрат» менің екінші үйіме айналды. Әлі де күшім жеткілікті. Әрине, сүйікті командама көмектескім келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;