русский язык

Бейімбет Қанжанов - әлем Кубогының жеңімпазы

Бейімбет Қанжанов - әлем Кубогының жеңімпазы

Мәскеу қаласында өтіп жатқан әлем Кубогының кезекті кезеңі аяқталды. Бұл додаға әлемнің 29 мемлекетінен 310 спортшы қатысуда. 52 кг салмақта қарағандылық Бейімбет Қанжанов алтын медальді қанжығалады.

Мәскеудегі жарыста Бейімбетке қарсылас шақ келмеді. Алдымен, Әзірбайжан спортшысын жер жастандырса, сосын екі мәрте Ресейлік балуандарды тізе бүктірді. Ақтық кезеңде, Қанжанов тағы бір Қазақстан өкілі Орал қаласының түлегі Болабек Райымқұлды жеңді.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;