русский язык
Хоккей

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Францияны жеңді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Францияны жеңді

Жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінің бірінші дивизионы аясындағы А тобында Қазақстан құрамасы франциялық құрдастарынан басым түсті.

Француздар бірінші кезеңнің соңына таман есеп ашты, ал екінші жиырмаминуттықта Бекмұханбет Төлепберген таразы басын тең қылды. Үшінші кезеңде Никита Незнамов қазақстандықтарды алға шығарды. Дмитрий Гренц есепті еселесе, кейін алаңға қақпашының орнына ойыншысын жіберген француздықтардың бос қақпасын Кирилл Панюков дәл көздеді.

Қазақстандық ұжым бұл жеңістен кейін 10 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.

 

Франция Қазақстан 1:4 (1:0, 0:1, 0:3)

1:0 – Майя (Торрес, Колотти) – 18:38
1:1 – Төлепберген (Ядрышников) – 34:34
1:2 – Незнамов (Сентюшкин, Лобанов) – 41:41 ,
1:3 – Гренц (Кошелев) – 50:50
1:4 – Панюков (Тәнімов) – 59:46, 

Қақпашылар: Папийон – Устинович

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;