русский язык

«Шахтер» кезекті жеңісіне қол жеткізді

«Шахтер» кезекті жеңісіне қол жеткізді

Аяқтан тұрып келе жатқан шымкенттік «Ордабасы» Қарағандыда жеңіліп қалды.

Ойының есебін Мақсат Байжанов ашты. «Кеншілер»  22-минутта Шавкат Саломовтың көмегімен басымдықты ұлғайтты. Екінші таймның басында Гедиминас Вичюс Сергей Малыйдың пасынан кейін есепті еселеді. Ал қонақтардың сапынан көзге түскен - Мардан Төребек.

«Шахтер» үш ұпайын қоржынына салып, үздіктердің қатарындағы орнын сақтап қалды. Ал «Ордабасыға» үздік алтылықтың қатарына ену үшін көп еңбектену қажет.

«Шахтер» - «Ордабасы» - 3:1 (2:0)

Голдар: Байжанов 7, Саломов 20, Вичюс 46, Төребек 90

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;