«Қайрат» соңғы ойында «Тұлпарға» ұтылды
![«Қайрат» соңғы ойында «Тұлпарға» ұтылды](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1397907353_316525415.jpg?v=28695331)
Қазақстан чемпионатының соңғы кездесуінде алматылық «Қайрат» 5:6 есебімен өз алаңында «Тұлпарға» жол берді
Матч қызықта өрбіді. Алғашқы таймның өзінде қарағандылық ұжым 3:2 есебімен ұтты. Екінші кезеңде қарсыластарына қысым жасап көптен күткен жеңіске жетті.
Қазақстан чемпионаты. 20-шы тур.
«Қайрат» — «Тұлпар» 5:6 (2:3)
Голдар: Кафе 3, Лео 20 (пенальти), Гребонос 30 (автогол), Сулейменов 36, Барон 40 — Талес 6, 38, Мадияров 16, Першин 19, 31, Гребонос 24
Төрешілер: Галаев (Қостанай), Салимов (Астана)
19 сәуір 2014 жыл. Алматы. «Қайрат». 150 көрермен.