русский язык
Футзал

Фернандиньо: ««Қайратты» жеңу үшін маусым бойы дайындалдық»

Фернандиньо: ««Қайратты» жеңу үшін маусым бойы дайындалдық»

Бразилия Ұлттық құрамасы мен «Динамо» клубының ойыншысы Фернандиньо УЕФА Кубогы жолында өткен жылғы «Қайраттың» ерлігін қайталауға тырысатынын айтты.


24-ші сәуір күні «Динамо» УЕФА Кубогының жартылай финалында алматылық ұжыммен кездеседі.

Өткен жылы УЕФА Кубогы аясында «Қайраттан» жеңілген едіңіздер. Кеткен есені қайтарасыздар ма?
— «Қайрат» мықты ұжым. Біз жеңіске жету үшін маусым бойы дайындалдық. Сондықтан ұтатынымызға сенемін.

Ресей Чемпионаты мен УЕФА Кубогын ұтқанда айырмашылық бар ма?
— Біз екі жарысқа да ерекше дайындаламыз, сондықтан қос жарыста жеңімпаз атанғымыз келеді. Егерде таңдау екеуінің біреуін түссе, «Ресей Чемпионатын» таңдар едім. Ал дәл қазір еурокубок ойындарын ойлау қажет.

«Қайраттан» нені күтуге болады?
— Алматылық клубты әбден зерттедік. Қазақстандық команда бес ойыншымен жақсы ойнайды. Игита ойынға қосылған кезде оны көзден таса қалдырмау керек

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;