русский язык
Футбол

Низовцев «Тобылдың» тізгінін ұстауы мүмкін

Низовцев «Тобылдың» тізгінін ұстауы мүмкін

 

Қостанайлық «Тобылдың» басшылығы Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы, қазіргі «Балтиканың» бапкері Максим Низовцевке келісім-шарт ұсынды.

Бұл туралы маманға жақын бейресми дереккөз хабарлады. Ақпаратқа сенсек, Низовцев ұсынысты қабылдауға жақын, бірақ әлі де ойлануда.

Естеріңізде болса, 2011 жылы Низовцевтің «Тобылды» жаттықтыруы мүмкін еді. Алайда, сол кезде ол PRO лицензиясының болмауына байланысты ойы іске аспаған-ды.

Сол уақытта Низовцев өз сұхбатында былай деген:

– Қостанай – мен үшін жай ғана қала емес, мен осы жерде дүниеге келдім. Егер командаға менің көмегім керек болса, қол ұшын беруге қашан да әзірмін.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;