Галицкий: «Финалдың стадионы дұрыс таңдалған»
![Галицкий: «Финалдың стадионы дұрыс таңдалған»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1397808595_308292979.jpg?v=28690282)
«Краснодар» клубының президенті әрі қожайыны Сергей Галицкий Ресей Кубогы финалының «Анжи-Аренада» өтетінін қалжыңмен жеткізді.
«Каспийскде сары-жасыл түсті стадион. Сары – «Ростовқа», жасыл – «Краснодарға», сондықтан финалдың стадионы дұрыс таңдалған», - деді Галицкий өзінің «твиттерінде».
Естеріңізге сала кетсек, Ресей Кубогының финалында «Краснодар» мен «Ростов» кездеседі.