русский язык
Хоккей

Қазақстан Норвегияны тас-талқан етті

Қазақстан Норвегияны тас-талқан етті

Ниццада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы бұған дейін жеңілмеген норвегиялық құрдастарын жеңді.

Бірінші айналымда норвегиялықтар есеп ашты, бірақ екінші жиырма минуттықта қазақстандықтар екі шайба салып, алға шықты. 

Үшінші кезеңде Мартин Роннилд таразы басын теңестірді, десе де, араға он бес секунд салып Кирилл Ядрышников Қазақстанды тағы да алға шығарды. Матчтың соңына таман Семен Кошелев екі мәрте Фредрик Гронстрандтың қақпасын дәл көздеді. 

Норвегия (U18) – Қазақстан (U18) 2:5 (1:0, 0:2, 1:3)

1:0 – Гран (Ольсен) – 08:30

1:1 – Ядрышников (Лобанов, Преснов) – 29:04, 

1:2 – Медведев (Кошелев) – 38:24, 

2:2 – Роннилд (Хофф, Гран) – 52:34,

2:3 – Ядрышников (Төлепберген, Сентюшкин) – 52:49

2:4 – Кошелев (Гренц, Медведев) – 57:21

2:5 – Кошелев (Лобанов) – 58:49

Вратари: Гронстранд – Устинович

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;